#qyzylordatv
Қазалы ауданында малды ұрлап, оны далалық жерде сойып жатқан жерінен екі күдікті ұсталды.
Айғақ заттар тәркіленіп, аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, тергеліп жатыр. Сондай-ақ, 24 және 22 жастағы екі күдіктінің басқа да мал ұрлығына қатыстылығы тексерілуде.
Жалпы өткен жылдың қортындысымен облыс аумағында мал ұрлығы біршама төмендеп, ашылу көрсеткіші 4,2%-ға жақсарған. 29 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылса, белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 1095 әкімшілік шара көрілген.