#qyzylordatv

Қаржылық мониторингтік агенттігі Қызылорда облысында заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырып, есірткі сатылымынан түскен ақшаны айналымға салған қылмыстық топты әшкереледі.

 Екі күдікті криптоәмиянды қалқан етіп, бір жылдың ішінде 1 миллиард 880 миллион теңгені көзге көрсетпей өткізген. «Telegram» арқылы тұзақ құрып, есірткі сатудан түскен тағы 603 миллион теңгені заңдастырған. Ізін жасыру үшін түрлі айлаға барған олар шетел азаматтарына тіркелген дроп-карталарды пайдаланыпты. Қомақты қаржыға тұрғын үй мен бірнеше автокөлік сатып алып, отбасылық мейрамхана салған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

 ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ

//Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды//