#qyzylordatv

«Бизнес – кез келген елдегі экономиканың негізгі тірегі. Біз ұзақ жолды жүріп өттік. Осы жолда жұрт жекеменшік институтына ешкім қол сұқпауға тиіс екенін түсіне бастады»,- деді Мемлекет басшысы Түркістан газетіне берген сұхбатында. Себебі, экономиканы өркендету және мемлекеттің қоғамдық негіздерін нығайту ісінде кәсіпкерлер елеулі рөл атқарады. Сондықтан өңірдегі макро және микробизнесті ілгерілету маңызды, дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

 ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Кәсіпкерлік даму үшін әсіресе, ауылды жерлердегі шағын кәсіпкерліктердің кооперацияға біріге отырып, үлкен өнімдер шығаруға, үлкен өндірісті дамытуға бағытталғандығын айтылады. Сондай-ақ кез келген қоғам өсіп-өркендеу үшін инвестиция құйылу үшін кәсіпкерлік дамып, инфрақұрылым даму қажет. Одан бөлек, ұлттық буржуазия туралы да айтып өтті. Ол керек. Өйткені, 0-ден басталып көтерілген кәсіпкерлердің ірі бизнестерге көшуі ертеңгі күні отандық инвесторлардың да қажеттігін атап өтті. Кәсіпкерлердің өзінің еліне көмектесіп жатқандығын да атап өтті. Жыл соңында осындай кәсіпкерлерге «Мейірім» ордендерін табыстау керектігін де сөз етті. Былтырғы жылы үлкен жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының Орта Азия мен Еуропа қалаларына жасаған сапары Қазақстанды даму қарқынына алып келеді. Сондай-ақ, президент еңбекші халықпен кездесіп жүргенін және патриотизмдік екенін атап өтті. Ол дегеніміз өзінің кәсібін адалынан істеп, сөзден іске көшіп жүрген азаматтар туралы айтты.//