#qyzylordatv

2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды. Президент Жолдауда Қазақстанды толыққанды Цифрлық мемлекетке айналдыру бастамасын көтерген еді. Озық технологиялар еліміздің барлық саласындағы әлеуетті арттырып, дамуға тың серпін бермек. Елімізде осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жаңа қарқынмен жүзеге асырылатын болды.