#qyzylordatv

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин аймақта іске қосылған бірқатар әлеуметтік нысан жұмысымен танысты. Бұл жөнінде Ерлан Тынымбайұлы өзінің instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Мемлекеттік кеңесші алдымен жуырда іске қосылған Достық үйінің жаңа ғимаратын көрді. Заманауи нысан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының демеушілігімен салынған. Мұнда өңірдегі 11 этномәдени бірлестік өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшелері орналасты. Ерлан Тынымбайұлы мұнан соң Өнер орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, өңірде мәдени құндылықтарды дәріптеу бағытындағы бастамалармен танысты. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысына дайындық мәселелері бойынша арнайы жиын өткен.