#qyzylordatv
Екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін атап өтті. «Қоғам санасы жаңғырмайынша, жүргізіліп жатқан реформалардың толық нәтижеге жетуі қиын»,- деді Президент. Сондықтан руханият саласына ерекше мән беріліп, алдағы кезеңде ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Ал Сыр өңірін қандай жаңалық күтіп тұрғанын тілшіміз Айдана Жұмадинова тарқатып айтады. Айдана, эфирдесіз.