#qyzylordatv
«Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады». Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Арал теңізі тақырыбына тоқталып, оның жаһандық маңыздылығын атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ //Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ бұл – тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші мемлекеттерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саласындағы саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді. Демек көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет.//
ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ // Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес! Мемлекет басшысы осы бір ауыз сөзімен-ақ, Аралды құтқару – адамзат үшін қаншалықты өзекті болып отырғанын аңғартты. Көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінде Солтүстік Аралды сақтап қалуға мүмкін болып тұр. Дегенмен, бұл жобаны аяғына дейін жеткізбесек, мәселе қиындай түсетіні ащщы шындық. Ұлттық Құрылтайда көтерілген ең өзекті мәселенің бірі осы.
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ //Бұл Сыр елінің емес, оңтүстік облыстағы халықтың ойында жүрген пікір болатын. Себебі, БҰҰ кірген жағдайда жоғарыдан бастап Сырдария өзеніне түсетін судың барлығын олар бақылауда ұстап отырады. Төрт мемлекетке біз трансшекаралық өзен болған соң бағыныштымыз. Онша айтқанды істей бермейді, бірақ БҰҰ кірген жағдайда оның бақылауы бір жерден болады да барлығы теңдей бөлінеді. Мысалы: Днепр өзені Еуропада 7 мемлекеттің үстінен өтеді. Оларда дау да жоқ. Түскен суды өздеріне керектілимитті бөліп алып отырады. Осы мәселені көтергендігі бізге деген көмегі деп есептейміз. Одан бөлек, Кіші Аралды қалпына келтірудің екінші этабы бізде жобалық сметалық құжаттары жасалып жатыр. Соны тездетіп іске асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ Арал теңізіне Азиядан келетін судың да бақылауда болатынын еске салды.//
ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ: Иә, су мәселесін шешу жолында көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, мәмілеге келу маңызды. Сондай-ақ президент шұғыл түрлде елдің гидропотенциалын нақты бағалауды тапсырды. Еліміздің су энергетикалық ресурстарының сенімді картасын әзірлеуді тапсырды.
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ //06:36 Су энергетикалық картасын жасау деген сөз жер бетіндегі суды өте көп мөлшерде пайдаланудамыз. Ендігі таңда біз жер асты суларын пайдалануымыз керек. Қазақстан бойынша жер асты суын пайдалану бойынша 6-7 пайызға үлесін қосып тұр. Келешек жер асты суларын пайдаланып, жер бетіндегі суға қосып, оны да іске асыруымыз керек. Қазір су энергетикалық карта жасалып жатыр. Сол картада Қазақстан бойынша қанша жер асты сулары бар, олардың запасы қанша осылардың барлығы картаға түсіріліп, пайдаланатын боламыз.//
https://youtu.be/GYqLzT1sCxA