#qyzylordatv

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – тұрғындардың маңызды міндеті. Қызылордада өткен бесінші ұлттық Құрылтайда ел Президенті «Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі» деген болатын. Облыс орталығында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Соның бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастардың қатысуымен өткен шара.

 Жиында экологиялық мәселелер, қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату тақырыптары кеңінен қозғалды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешендерінің жұмысы мен тиімділігі туралы айтылды.

 СҰЛТАН МҰЗАРАЙ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

 Белкөлде жаңадан полигон ашылып жатыр. Сол полигонда арнайы жаңадан обородувание қойылып жатыр. Ол обородуванияның ерекшелігі сүзгісі бар арнайы бұрындағыдай халықтан көп арыздары бола бермейді сол үшін сүзгі қойылған халыққа оңтайлы ешқандай зиянын келтірмейтін сол нәрсе ашылып жатыр. Осы кейінгі ұрпаққа Таза Қазақстанды дәріптеу мақсатында келген жайымыз бар.//

 Шараға сала мамандары мен студенттер қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді. Білім алушылар табиғатты қорғау, қала тазалығын сақтау жұмыстарына үлес қосуға әрдайым дайын екендерін айтты.

 НҰРГҮЛ НҰРЛЫБЕК – СТУДЕНТ //Осындай шаралардың арқасында біз өзіміздің білім деңгейіміз артып, мамандығымызға деген құлшынысымыз артып осы табиғатты қорғау арқылы біз келешекте біліміміз және бүкіл халықтық экологиялық сана артады.Осылай шаралар көп болса және де бізге алдағы уақытта ұсыныстар болса қуана-қуана атсалысамыз шаралар арқылы амалдар жасау арқылы қоршаған ортамызды қорғау деп білеміз.//

 Жиында жастар сала мамандарымен еркін пікір алмасты. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай шаралар студенттердің білімімен қатар жауапкершілігін де арттыра түседі.