#qyzylordatv
Иә, руханияттың жүгі ауыр, жауапкершілігі бөлек. Ұлттық құрылтай мінберінде мемлекет басшысы осыны айтты.
«Құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік жәдігерлер тізімінде болуға әбден лайық»,- деген мемлекет басшысы Ұлттық цифрлық мұра қорын құру бастамасын қолдады. Сонымен бірге Абайдың қара сөздерін ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізу қажеттігіне тоқталды. «Қыркүйек айында «Ұлы Алтай. Түркілердің ата қонысы» атты халықаралық конференциясы өтеді»,- деді. Бұл руханият, мәдениет саласын жаңғыртумен қатар еліміздің жаңа академиялық тарихын әзірлеуге жол ашады.
БАҚЫТЖАН АХМЕТБЕК - ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТЫ
//Архивтерді цифрландыру, мұраларды цифрландыру өте керемет. Біздің қазақ халқында өте үлкен тарихи мұра бар. Бірақ оны тек біз білеміз ғой. Ал мұны енгізсек бүкіл әлем көреді. Бізге ол плюс жағынан келеді. Екінші жағынан бұл жастарға да мектеп, университет, колледж болсын барлығына керек дүние. Ол бүлінбейді, сақталады. Мұның рөлі өте жоғары деп санау керек. Біздегі Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ болсын цифрландырып, кино болсын, архив материалдары болсын түсіріліп, бәріне енгізілуі керек.Бұл музейге де, өнер лорталықтарына да барлығына керек дүние. //