#qyzylordatv

Қазалы ауданында Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Оpen talk» форматында жас сайлаушылармен кездесу өтті. Еркін форматтағы басқосуда сайлау жүйесінің ашықтығы, жастардың саяси белсенділігін арттыру, электронды дауыс беру жүйесі туралы мәселелер талқыланды.

 Елімізде жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Атаулы дата биыл 4 ақпанға сәйкес келіп отыр. «Open Talk» форматындағы жиында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов саяси науқанның маңызы туралы сөз қозғады. Ал, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп пен Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев сайлауға қатысу - азаматтық борыш қана емес ел тағдырына тікелей әсер ететін шешім қабылдау. Сондықтан әрбір адамның даусы маңызды. Әсіресе, ел ертеңі жастарға артылатын сенім жоғары екенін айтты. Бүгінде Қазалы ауданында 39 сайлау учаскесі болса, онда 47 652 дауыс беруші тіркелген. Сайлаушылардың 11 мыңнан астамы жастар. Ашық пікір алаңында белсенді топ өкілдері сайлауға қатысты сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.

 АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, АУДАН ӘКІМІ

Президент 2019 да сайланғаннан кейін ауылдың әкімдерін халық сайласын. Яғни халықтың ішіндегі азаматтарымызды халық өзі сайласын деді. Міне, содан бері ауданымызда 21 ауылдық округ, бір қала, бір кент қазір сайлау жүйесімен өтіп келе жатыр. Ауданымызда екі облыстық мәслихаттың депутаты бар. Ал, аудандық мәслихатта 15 депутатымыз бар