#qyzylordatv

Қызылордалық бір топ қыз-келіншек қытымыр аязға қарамастан таңғы серуенге шығып жүр. Олар үшін таңғы жаттығу – жай ғана спорт емес, өмір салты. Күнді сергек бастайтын сырбойылық арулармен тілшіміз тілдесіп көрді.

 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

Таңғы сағат 8-ге жақындап қалды. Қала енді ғана оянды. Ал дәл қазір Сырдария өзенінің жағасында бір топ қыз келіншек жүгіріп, таңғы жаттығу жасап жүр. Сынап бағанасы 9-дан төмен. Екі күн бойы жауған қардың аязы да бет қарып тұр. Міне мен де қалың киініп алдым. Бірақ таңғы ұйқыны емес, сергектікті таңдаған арулар күнделікті жаттығуын жалғастыруда. Ендеше кеттік қатарларына қосылайық.

Қала тұрғыны Шолпан Әділбекқызы – 7 баланың анасы. Бірнеше жылдан бері таңмен таласып жүгіруді әдетке айналдырған. Оның айтуынша, таңғы жүгіріс тек спорт емес, тәртіп пен сенімділік, өзіңе деген махаббаттың белгісі.

Көпшілік үшін таң – ұйқының ең тәтті шағы. Ал бұл қыз-келіншектер үшін спортпен айналысатын, күнді сергек бастайтын ерекше уақыт. Кейіпкеріміздің айтуынша, олар таңғы 4-те оянып, алдымен залда жаттығу жасап, кейін жүгіруге шығады.

 ШОЛПАН ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ– ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Нақты 11 жыл болды. Осы салада айналысып келе жатқаныма. Жалпы өзімнің мамандығым бухгалтер-экономист. Бірақ ол салада жүрмесем де мен спорт саласында әйелдердердің басын қосып, денсаулықтарын сақтау мақсатында алға тартып келемін. Әйелдердің денсаулықтарын сақтау үшін «Әйел саулығы» академиясын аштым. Бұл жерде әйелдер өздерінің денсаулықтарын қолға алып, жасара алады.

 Бүгінде Шолпан Әділбекқызы 500-ге жуық әйелдің басын қосқан тегін онлайн марафон өткізуде. Басты мақсат – әйелдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру дейді ол.

 ШОЛПАН ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ– ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бізде марафонда қыздар өздерінің жаттығу жасағандары бойынша және шаг жасағаны бойынша есеп береді. Ватсапта арнайы чатымыз бар. Ол чатта бір ай бойы кім үздіксіз осы тапсырманы орындады сол именно Қызылорданың қыздарының арасында бас қосып, нәтиже көрсеткен қызды марапаттайтын боламыз.

Спорт – сенімділік пен ерік-жігердің үйлесімі. Ал таңмен таласып жүгіретін сұлулар – соның айғағы.