#qyzylordatv
Енді мектеп пен балабақшаға 50 жасқа дейінгі азаматтар ғана күзетші ретінде қабылданады. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында осындай талап күшіне енеді. Балалардың қауіпсіздігі - тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта Астана мектептеріне жасанды интеллект камералары орнатыла бастады. Артықшылығы неде?
Небәрі 30 секунд. Баланың іс-қимылынан қандай да бір күдік тудыратын әрекет байқалса, жасанды интеллект камерасы бірден белгі береді. Бұл жасанды интеллект камерасы анықтаған видеоның бірі. Ал, мұндай видеолар директордың тікелей телеграм арнасына бірден түсіп отырады. Ерекшелігі сол, камера алдында көз ілмей жағдайды бақылаудың қажеті жоқ. Ақылды технология барлығын өзі анықтайды.
АЙГҮЛ БЕЙСЕНБИНА - АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №107 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қандай да бір агрессивті іс-әрекет орын алатын болса, бірден небәрі 30 секунд ішінде менің телеграм арнама келіп түседі. Және мен өзім жұмыс жасап отырып, дер кезінде шешім қабылдап, әрекет етуге мүмкінждік беріп отыр деп айта аламын.
Іс-қимыл, күмәнді әрекет былай тұрсын, тіпті эмоцияға да жасанды интеллект камерасы талдау жасайды. Көңіл-күйдегі өзгерісті аңғарады. Мысалы, бала көңілсіз жүрсе, ол неше күннен бері осындай күйде жүргенін талдап береді. Бұл бағдарлама да Астанадағы мектептерде іске қосыла бастады.
АЙГҮЛ БЕЙСЕНБИНА - АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №107 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мысалы көңіл-күй айнасына назар аударсақ, қауіп аймағында Айжан үш рет ашулы болған екен. Яғни оның қай күндері ашулы болғанын көруге болады. 26 мен 27-сі аралығында Айжан үш рет ашуланған екен. Яғни 5 реттен артық көңілсіз жүргені анықталатын болса, ол оқушымен мектеп психологтары жұмыс істейді.//
Президенттің Ұлттық Құрылтайдың Бурабайда өткен отырысындағы тапсырмасы негізінде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Бағдарлама төрт бағыттан тұрады. Онда жасөспірімдердің қауіпсіздігі, денсаулығы, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары қамтылған. Енді мектеп пен балабақшада 50 жастан асқандар күзектші бола алмайды.