#qyzylordatv

Облыстық қазынашылық департаменті жыл бойы атқарылған жұмысын қорытындылады.

Былтыр аталған департамент 903 мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік сатып алу жүйесіне, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры мен қаржылық және қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына қызмет көрсетті. Одан бөлек, 700 мыңға жуық қаржылық құжат қабылданып, оның 665 мыңы өңделген. Ал 16 мыңнан астам құжат ресми хат арқылы орындаусыз кері қайтарылған. Оған себеп – төлем мазмұнындағы қателіктер, қаржыландыру жоспарының сәйкес келмеуі және құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі дейді сала басшысы.

ҚАЛМҰХАНБЕТ БАЙСАРИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Жалпы келіп түскен қаржы құжаттарының саны 2024жылмен салыстырғанда 19150 данаға көбейген. Көбею себебі - жаңадан ашылған мекемелер санының артуымен қаржы жоспарларына енгізілетін өзгерістер анықтамаларының санының артуына.