#qyzylordatv

Қызылордада соңғы бір жылдың ішінде 937 киберқылмыс тіркелген. Бұл алаңдатарлық жағдай, - дейді құқыққорғаушылар.

 Полицейлердің айтуынша, соңғы кезде көбіне студенттер мен зейнет жасындағылар алаяқтардың құрбаны болған. Алдап-арбаудың кең тараған түрі – банк, пошта, құқық қорғау органдарының атын жамылып, телефон шалу. Сонымен қатар, онлайн несие рәсімдеу, инвестиция деген желеумен қаржы тарту, жалған онлайн сауда сияқты интернет алаяқтық жиілеп барады. Ал, қолды болған ең ірі сома – 130 миллион теңге. Қазір полиция қызметкерлері тұрғындарды киберқылмыстан қорғау үшін түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жатыр.

 ҒАБИБУЛЛА НАҒАШЫБАЕВ – ҚПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Жалпы Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен ҚР ҚҚ-нің 190 бабымен 2025 жылы 3 тұлғаға Халықаралық іздестіру ісі арналған. Нәтижесінде 2026 жыл қаңтар айының 4-і күні ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігімен Халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы азаматшаны Астана қаласындағы әуежайдан құрықтап қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алаяқтардан сақ болыңыз. Ешкімге өз дербес мәліметтеріңізді, банк карталарыңыздың CVV кодтарын бермеңіз. Белгісіз сайттарға алдын ала төлем жасамаңыз, күмәнді жобаларға ақша салмаңыз және бөтен адамдар ұсынған мобильді қосымшаларды орнатпаңыз.