#qyzylordatv
Өңірде «Senat Open 2026» шахмат турнирі жалғасуда. Зияткерлік дода күн сайын әр сала өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылуда. Кезекті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шахмат тақтасында сынға түсті.
Бұл жолы турнирге бұқаралық ақпарат құралдарының 16 өкілі қатысып, 9 турда швейцариялық жүйеде бақ сынады. Шахмат — логикалық ойлау мен зейінді талап ететін зияткерлік спорт түрі. Қатысушылар үшін бұл тек бәсеке емес, тәжірибе алмасу мен кәсіби ортадан тыс зияткерлік байланыс орнатуға мүмкіндік. Турнир форматы әр саланың мамандарын бір алаңға жинап, ой еңбегін ортақ құндылыққа айналдыруды көздейді. Айта кетейік, тақта үстіндегі тартыста «Qyzylorda» телеарнасының эфир режиссері Нұржан Батыршаев екінші орынды еншілесі, сарапшы редактор Асқар Тәжиев төртінші орын алды. Тағы бір тілшіміз Мария Омарова әйелдер арасындағы бәсекеде екінші орынды жеңіп алды. Кезең жеңімпаздары алдағы іріктеу сатыларына жолдама алады.
ТИМУР ҚАСЫМОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
Турнирден алған әсерім,ең алдымен, бұл турнир Қазақстандық шахмат күнтізбесінде жақсы қалыптасқанын, оны ұйымдастыруға Сенат Төрағасы, шахмат федерациясының президенті қатысқанын атап өткен жөн. Турнир қазірдің өзінде айналып, бір ізге қойылды деп айтуға болады, енді оның кең, жарқын жолы бар. Мұнда әр түрлі кәсіптегі, әр түрлі жастағы адамдар бәрі бірдей. Бұл турнирдің құндылығы, оның тартымдылығы. Шахмат-бұл ойын да, спорт та, ғылым мен өнердің элементтері де бар.