#qyzylordatv
Ішкі істер министрлігі тұрғындарға бөгде адамдарға ақша аударып бергенде абай болуды ескертеді.
Соңғы кезде алаяқтар адамдарды өз картасы арқылы ақша шешіп алуға немесе аударуға жиі үгіттеп жүр. Кейде олар банк картасын уақытша беруді сұрайды. Мұның бәрін әккілер түскен қаржының ізін жасыру үшін қолданады. Алайда заң алдында жауапкершілік карта иесінің өзіне жүктеледі.