#qyzylordatv
Былтыр Тасбөгет кентінде 64 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несие алып, өз кәсібін бастаған. Сонымен қатар 15 көше жарықтандырылса, биыл 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Кенттегі оңды өзгерістер журналистермен баспасөз брифингінде кеңінен айтылды.
Былтыр кент бюджеті жарты миллиард теңгеден асып, 100 пайыз игерілген. Салықтық түсім де жоспардағыдан артық орындалған.
АЙДЫН ТЫНЫШТЫҚБАЙ - ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
Сондай-ақ, салық түсімінің жылдық жоспары 157,0 млн. теңгені құраса, 12 айда нақты түсім 184,1 млн. теңгені құрап, жоспар117 пайызға артығымен орындалды.Кентте кәсіпкерлікті қолдау саласындада оң өзгерістер бар: Атап айтқанда, жалпы Тасбөгет кентінде 2025 жылдың қорытындысымен тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің жалпы саны 912-ні құрайды. Оның 638-і жеке кәсіпкер, 256-і заңды тұлға, 18-і шаруа қожалық.
Кенттегі ең өзекті мәселенің бірі - тұрғын үй. Тасбөгет кентінде 95 көпқабатты үй болса, оның 25-і апатты деп танылған. Әкім бұл мәселені шешу кезең-кезеңімен іске асатынын жеткізді. Ал Сабалақ саяжайын көгілдір отын және ауыз сумен қамту мәселесі оң шешімін тапқан.
АЙДЫН ТЫНЫШТЫҚБАЙ - ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
Сабалақ саяжайы тұрғындарының көптен бері көтеріп келген мәселесі оң шешімін тауып, жалпы құны 3,1 млрд. теңге болатын саяжайға көгілдір газ желісін жүргізу жобасы әзірленіп, аймақ басшысының тікелей қолдауымен саяжайдың ішкі газ желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілуде. Сабалақ саяжайы тұрғындарының сұранысына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де өз шешімін тапты. Бұл жобаға облыстық және қалалық бюджеттен жалпы сомасы 389,0 млн. теңге бөлініп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді.//
Кент әкімі көшелерді жарықтандыру жұмыстары 98 пайыз орындалғанын айтты. Мәселен 56 көшенің 54-і жарықтандырылған.Енді қоғамдық көлік қатынайтын төрт көшеге орташа жөндеу жүргізу үшін 328 млн теңге қаржы бөлініпті. Мұнан өзге кент аумағынан қалалық бюджет есебінен 3 балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр.