#qyzylordatv

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті. «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы жиында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сондай-ақ қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналған буллинг, сталкинг, дропперлік қылмыс туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы Қызылорда қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 66 қылмыс жасалған. Оның жетеуі аса ауыр қылмыс санатына жатады. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің жиі тәртіп бұзуы - отбасындағы қолайсыз жағдай, ата-ананың балаға дұрыс көңіл бөлмеуінен туындап отырғанын айтады. Тағы бір мәселе, қазіргі қоғамда интернет алаяқтық, буллинг, сталкинг, дропперлік қылмыс дегендер белең алып отыр. Әсіресе, жастардың арасында. Сондықтан тәртіп сақшылары құқықтық сауаттылықты арттырып, теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

 НҰРМАХАН ПАЗЫЛОВ, ҚПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қарапайым тілмен айтқанда сталкинг адамды тыныш қоймай, аңду болып табылады. Үнемі қоңырау шалу, хабарлама жазу, әлеуметтік желілерде бақылау, жалған аккаунттармен жазу, қорқыту, бопсалауға жауапкершілік қарастырылған.....