#qyzylordatv
Арал ауданында биыл кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы басталады. Сонымен қатар, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт пен жоғары сұрыпты ас тұзын өндіретін өндіріс орны іске қосылмақ. Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте теңізді аймақта атқарылып жатқан осы және өзге де жобаларға тоқталды.
Арал ауданында өткен жылы инвестиция тарту, өнеркәсіп өндірісі, кәсіпкерлікті дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, құны 3,2 млрд. теңге болатын 4 жоба жүзеге асып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олар: Арал қаласындағы «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы, «Қарашалаң балық» зауыты, халықаралық талаптарға сай «Жол бойы қызмет көрсету орталығы және «Sinooil» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағармай құю бекеті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.
АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ \ Осы жылы іске асырылуы жоспарланған құны 16,4 млрд теңге болатын 8 жоба бар. Бұл жобалар іске қосылғанда 139 адам жұмыспен қамтылады.....\
Мұнан бөлек, «Тоғыс-Арал отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғары сұрыпты ас тұзын өндіретін және мотоцикл құрастыратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Астың дәмін, дастарханның сәнін келтіретін тұз елімізбен қатар шетелге экспортталса, екі аяқты көлік құралы мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың сұраныса ие болары сөзсіз. Тағы бір жаңалық, көптен бері аралдықтардың талқысына түсіп жүрген ірі жоба кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы биыл басталатын болды.
АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Кальцийлендірілген сода зауыты іске қосылатын болса 500 бен 700дің арасында адам жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Екіншіден экономикалық мәселелер, ауданның бюджетіне қатысты мәселелер шешімін табатын болады... \