#qyzylordatv

Бүгін облыс орталығында өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиында энергетика, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және инновация салалары бойынша ашылған және алда іске қосылатын инвестициялық жобалар туралы кеңінен айтылды. Штаб отырысына өңірге жұмыс сапарымен келген Сыртқы істер министрі орынбасары Әлібек Қуантыров арнайы қатысты.

 Аймақтың жыл өткен сайын инфрақұрылымы жақсарып, архитектурасы айшықтала түскені белгілі. Алдағы уақытта елдің әлеуеті мен экономикасын нығайта түсетін жобалар легі жалғаса түспек.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

 Өткен жылы 300 млрд теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды. Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2026-2029 жылдары аймағымызда 1 трлн 900 млрд теңгеге 48 инвстициялық жоба іске асырылып, 10308 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл 100 млрд теңгенің 21 жобасын іске қосуды жоспарлаудамыз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жандандыратын боламыз.

 Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Сыр еліндегі инвестициялық жобалардың маңызына тоқталды. Қызылорда облысы жоғары технологияларға ие алып компанияларды қабылдауға дайын екенін ерекше айтты. Атап өту керек, соңғы 3 жылда өңір шамамен 2 трлн теңге көлемінде инвестиция тартып, өткен жылы 27 маңызды жобаны іске асырды. Негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша Сыр елі 2025 жылы бірінші орында тұр.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Қызылорда облысы тау-кен секторынан асып түсетін бірегей әлеуетке ие. Біз ауыл шаруашылығын қайта өңдеу, құрылыс материалдарын шығару және жаңартылған энергетика салаларында зор мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Бүгін Қызылорда облысы жоғары технологияларға ие алып компанияларды қабылдауға дайын екендігін дәлелдеуде. Бұған испандық Роко груп компаниясының инвестициялық жобасы айқын дәлел.Өндіріс индустриялық аймағында санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу әлемдік көшбасшының жеке бастамасы.Инвестиция көлемі 70 млн еуроны құрайды.Маңыздысы инвестор өңірді жай ғана өндірістік алаң ретінде емес, бүкіл Орталық Азия үшін өнеркәсіптік және лгогистикалық хаб ретінде қарастырып отыр.

 Иә, аймақта ауыз толтырып айтарлықтай жобалар іске асырылуда. Облыс әкімінің орынбасары құрылысы басталған және енді атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

АРДАҚ ЗЕБЕШОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ал биылғы жылы 21 жоба 100 млрд теңгеге іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Олар қуаттылығы 3 жарым мың тонналық құс фабрикасы, 5,2 мың тонналық тауарлы сүт фермасы, «Пана» қонақ үйі, гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндіру зауыты және жалпы қуаттылығы 50 мВатт құрайтын екі күн электр станциясы. Бұдан бөлек 750 млрд теңге 350 млн теңгені құрайтын 14 ірі жобаның құрылысы басталуда.

 2025 жылы 37 млр 850 млн теңгені құрайтын кореялық визю компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені, риксос қонақ үйінің құрылыстары басталды. Табиғи тас Қызылорда серіктестігінің қуаттылығы 1 млн 100 мың тонна әк шығару зауыты іске қосылады биыл...

 Облыс әкімі «кәсіпорын ашамын, ел игілігі үшін жұмыс атқарамын» деген жандарға қашанда қолдау білдіретінін жеткізді. Жиында сөз алған кәсіпкерлердің сауалын тыңдап, жауапты мамандарға тапсырма жүктеді.