#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында өңірлерде әкімдіктер жанынан ғылыми кеңес құруды тапсырған болатын. Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен осы мәселеге байланысты жиын өтіп, өңірлік ғылымды дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң аясында жергілікті атқарушы органдарға берілген 12 жаңа функция облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жүктелді. Облыс әкімі осы орайда жауапты басқарма басшысына ғылым мен өндірістің байланысын нығайтып, өңірдің салалық ерекшелігіне сәйкес қолданбалы зерттеулер санын арттыруды және жас ғалымдарды тартуды тапсырды. Ал, жергілікті оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына ғалымдардың гранттық және бағдарламалық нысаналық қаржыландыру конкурстарына белсенді түрде қатысу керектігін айтты.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ
Ғылымды дамыту, ғылыми жобаларды іске асыру оның әлеуетін өңірдің түрлі салаларын дамытуға тарту мақсатында келесі жұмыстарды тапсырамын....