#qyzylordatv

Еліміздің фармацевтикалық нарығында мемлекеттік реттеу жүргізілетін бірқатар дәрі-дәрмек бағасының төмендегені байқалады. Өзгерістер жаңартылған баға белгілеу механизімін жүзеге асыруға байланысты туындады.

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

Елімізде өткен жылы шілде айында 4994 дәрілік препараттың шекті бағасы енгізілген. Яғни олардың қымбаттап кетпеуі бақылауда. Бүгін біз дәріханаға келіп, халық көп тұтынатын дәрілердің бағасын білдік.Айталық, қабынуға қарсы «Зитмак» дәрісі 2373 теңгеден аспауы қажет, ал «Амбро» 1536 теңгеден аспауы қажет екен. «Левомицитин» 815 теңгеден аспауы қажет. Ал «Мегасеф» 536 теңгеден аспауы қажет. Егер сіз дәріханаға келіп, дәрінің бағасына күмәніңіз болса немесе қымбаттап кеткенін байқасаңыз, шекті бағасын арнайы қосымшалар арқылы білуіңізге болады

 АЙЖАН САҒНАДИНОВА – ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 Негізі бізде дәрілік заттардың шекті бағалары 94 бұйрықпен бекітілген. Бұл бұйрыққа 18 шілде 2025 жылы өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер бойынша 4994 саудалық атауға шекті баға бекітілді. Сонымен қатар бұл приказ бойынша біршама дәрілік заттардың бағасы төмендеді. Алайда приказ күшіне енем дегенге дейінгі ҚР өндірілген дәрілік заттар болады немесе әкелінген дәрілік заттардың бәрі бұрынғы, ескі бағамен сатыла береді. Қазіргі таңда департамент тарапынан халық арасында кеңінен қолданылатын қабынуға қарсы, антибактериалдық дәрілік заттардың 70 саудалық атауына тұрақты түрде ай сайын мониторинг жүргізіп келе жатыр. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі комитетенің тапсырмасы. Осы мониторинг бойынша Қызылорда облысында біршама дәрілердің бағасы төмендегені байқалады

 Дәрілік заттарды өткізу кезінде заңбұзушылық жағдайлары туралы «Дәрі кз», «Нақты өнім» мобильді қосымшалары немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттері арқылы хабарлауға болады.

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

 Егер сіз дәрінің нақты бағасын білгіңіз келетін болса, «Нақты өнім» мобильді қосымшасын пайдалансаңыз болады. Мысалы біз көзге арналған мына дәрінің бағасын білу үшін сол қосымшаға кіріп, бағасын көрмекпіз. Ол үшін арнайы кодты сканерлеп аламыз. Бұл дәрінің бағасы 1412 теңгеден аспауы қажет екен

МАРАЛ РЫСМАҒАНБЕТОВА – ДӘРІХАНАЛАР ЖЕЛІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Лидер медикал груп дәріханалар желісіндегі дәрілік заттар ҚР бекітілген заңнамаларына сәйкес жұмыс жасайды. Қазіргі таңда дәрілік заттардың Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен шекті бағалары бойынша бағалардың тұрақтылығы сақталуда. Дәрілік заттардың шекті бағадан аспайтындығы арнайы қолданба приложение арқылы қадағаланып, тұтынушыларға шекті бағадан аспайтындай қолжетімді бағаларда сатылуда.

 Мамандардың айтуынша өндіріс орнына, құрамына, өзге де себептерге байланысты дәрілердің бағасы барлық дәріханада бірдей болмайды. Дегенмен, шекті баға енгізілген өнімдердің бағасында тұрақтылық бар. Яғни, бекітілген бағадан төмен болмаса, артып кетпеуі қажет.