#qyzylordatv
Конституцияның жаңа жобасына саяси және қоғамдық өмірдің көптеген қырларын қамтитын оң өзгерістер енді. Әсіресе, адам және азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйелі түрде жетілдірілген.Сондай-ақ, әділдік, заң үстемдігі және тең мүмкіндік қағидаттарына баса мән берілген. Бұл пікірді мемлекет және қоғам қайраткерлері білдірді.
МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Үлкен мәселе бар бұл жерде. Азаматтардың құқықтары мен бостандығын шектеуге байланысты. Әрине, қазір заман өзгерді ғой, қазір мысалы бопсалау, өтірік фейктер салу, қалаберді негізделмеген фактілерді жазып, қалай болса солай адамды балағаттау, болмаса солардың үстінен әртүрлі пікір қозғау, бұндай нәрсе жіберілмеу керек. Мен толық қолдаймын. Мысалы анықталмаған факті, болмаған нәрселерді әлеуметтік желіге салып, азамат туралы болмаса мекемеге байланысты теріс пікір туғызу – Заңмен қатаң жазалануы керек. Бұл өте дұрыс. Бүкіл мемілекеттің конституциясында бар. Кез келген нәрсені заңдық негізде болуы үшін ол фактілер анықталуы керек. Фактілер расталуы керек. Сондықтан бұрада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына үлкен қауіп туып тұрған жоқ деп айта аламын.
БАҚБЕРГЕН ДОСМАНБЕТОВ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Жаңа мәтінде адам құқықтары мен бостандықтары тұңғыш рет мемлекеттің негізгі басымдығы, яғни мағыналық өзегі ретінде жария етілді. Бұл мемлекеттің болашағы бұрынғыдай табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен өлшенетінін көрсететін түбегейлі бетбұрыс. Сондықтан адами капиталды қалыптастырудың алғышарттары ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдылық берілді. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған орай түңғыш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Цифрландыру жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және цифрлық кеңістікте заңдылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылуы, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатының бекітілуі қоғамдағы тұрақтылық пен толеранттылықты сақтауға үлкен себін тигізетін фактор деп есептеймін.