#qyzylordatv

Жаңақорған ауданында биыл жаңа құс фабрикасы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылады. Сонымен қатар, аудан орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені пайдалануға беріледі. Аудан әкімінің айтуынша, атқарылатын жобалар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, экономикалық өсімге де серпін береді.

Жаңақорған кентінде жаңа мөлтек аудандардың көбеюі орталықтандырылған ауыз су жүйесіне түсетін жүктемені арттырды. Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін кент аумағында қосымша су тарату станциясын салу және жаңа су желілерін тарту жұмыстары басталды. Бұл жоба тек жаңа үйлерді сумен қамтуға емес, жалпы кенттің сумен жабдықтау тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде тұрғындар үшін ауыз судың қолжетімділігі мен сапасы жақсартуға мүмкіндік бермек.

МАЖИТ САМИТОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Аудандағы барлық 35 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Аудан елді мекендеріне берілетін ауыз су көлемін ұлғайту мақсатында республикалық бюджеттен 1,1 млдр теңге бөлініп. Тақыркөл Бассу қоймасынан екінші желі тартылып іске қосылды. Сонымен қатар Жаңақорған кентінің мөлтекаудандарында жаңадан салынған 1500 ға жуық тұрғын үйді ауызсумен қатматасыз ету мақсатында қосымша су тарату станциясымен желілерін салуға жоба әзірленді. Жоба құны 1,1 млрд теңге. Бұл жобаға 2025 жылы мемлекеттік қордан қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары басталды. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға беру жоспарланып отыр

 Аудандағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары да жаңа кезеңге өтті. Бұл бағыттағы негізгі тірек нысан – автоматты газ тарату станциясы. Заманауи технологиямен жабдықталған станция газ қысымын тұрақтандырып, қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді. Соның арқасында кент маңындағы елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыруға және өндіріс орындарын тұрақты отын көзімен қамтуға жол ашылып отыр.

 МАЖИТ САМИТОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 2025жылы аудандағы бірқатар жаңадан елді мекендерді газдандыру үшін сондай ақ ірі өндіріс орындарын қажетті газбен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан қуаттылығы 20 мың текше шаршы метр текше сағатына болатын Жаңақорған автоматты газ тарату станциясы салынды.Республикалық басқада тұрған бюджеттерден бұл станцияға 2,3 млдр тенге қаржы бөлінді.Бұл станция өткен жылдың қарашасында аймақ басшысының қатысуымен салтанатты түрде ашылды.Сондай ақ Сырдария өзенінің батысында орналасқан 6 елді мекенді газдандыруға жалпы құны 7,1 млдр теңге болатын жоба демеушілікпен әзірленді. Бұл жобалардың құрылыстары ҚазақГаз Аймақ акционерлік қоғамының 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың шеңберінде биылғы жылы басталуы күтілуде

 Инвестициялық салада «Абдулла» шаруа қожалығы жылына 5,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрикасын іске қосады. Жоба 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріліп, 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, өндірілетін өнімдер ішкі нарыққа ұсынылып, ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуына ықпал етеді. Инвестициялық жобаларды қолдау арқылы ауданда кәсіпкерлікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер пайда болып отыр.