#qyzylordatv
Ақ олимпиаданың басталуына санаулы күн қалды. Енді төрт күннен соң төрткүл дүние Италияға көз тігеді. Қысқы спорттың басты бәсекесіне елімізден 40 спортшы аттанды. Әлемдік дода қарсаңында тілшіміз Қызылордадағы қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің бүгінгі ахуалымен танысып қайтты.
Нөмірі төртінші Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде қысқы спорттың үш түрі бар. Қызылордалық жеткіншектер мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккеймен кәсіби түрде айналысуда.
ЕРҒАЛИ ШӨМІШБАЕВ – «МҰЗ АЙДЫНЫ» СПОРТ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда мұз айдында дайындалып жатқан қысқы 300 спорт түрі бар . № 4 облыстық олимпиада мектебі мұз айдынды жалға алып отыр . Соның ішінде шайба хоккей , мәнерлеп сырғанау , шорт-трек. Шорт-тректен қазір Түркістан қаласы оқу-жаттығу жиынында. Мәнерлеп сырғанауда ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионымен жүлдегерлері бар .
Спорт мектебінің оқушылары жетістіктен кенде емес. Мәселен, мәнерлеп сырғанаудан Артур Смағұлов алтыншы спартакиаданың күміс жүлдегері атанған. Ал шайбалы хоккейден мұнда 72 жасөспірім тұрақты түрде жаттығады. «Қайсарлық» өрендер бірқатар республикалық жарыста жүлделі орындардан көрініп жүр.
НҰРДӘУЛЕТ ХАМИТ – БАПКЕР
Қазіргі таңда біздің үйірмеде 50-60 баладай жаттығады . Одан екі команда бар . 2013-2014 жылғы балалар , екінші команда 2016-2017 жылғы балалар . 2013 жылғы балалар қазір ҚР Чемпионаты ойнап жүр . Онда 12 команда ішінде төртінші орында келе жатыр. Бұл бірінші тур . Екінші тур енді жалғасады . Ал 2016 жылғы балалар Кубок Конфедерацийде ойнап жатыр. Бізде защитный экипировканың бәрі жеткілікті . Әр балаға жетеді . Жыл сайын мекеме бізге жаңасын беріп отырады . Алдағы жоспарымыз ҚР Чемпионатын ұту , екі возрасттан да. Сосын молодежка ашылса, балалардың әрі қарай қалыптасуына.
Алдияр Шамжан - команда капитаны. Алты жыл бұрын аяғына коньки байлаған оның қазір қимылы шираған. Мұз үстінде еркін қимылдап, күрделі жаттығуларды жеңіл орындай алады. Болашақта «аймақтың ғана емес, ел намысын қорғайтын хоккейші болсам»,- дейді.
АЛДИЯР ШАМЖАН – КОМАНДА КАПИТАНЫ
Мен хоккейге 2019 жылы келдім . Менің папа, мамам және атам алып келіп жүрді. Команда капитанымын. «Барыс» командасын қараймын. Ол жердегі кумирім Алихан Әсетов .
Өңірде қысқы спорт түрлері қарқын алып келеді. Еске сала кетейік, 10-14 ақпан аралығында Қызылордада тұңғыш рет шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді. Мұндай жарыстар аймақта қысқы спорт түрлерінің дамуына үлкен серпін бермек.