#qyzylordatv

Қазалы ауданы таза ауыз сумен толықтай қамтылды. Енді елді мекендерді газдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Атап айтсақ, биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді. Бұл туралы аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында баяндады.

  Қазалы ауданында кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді. Атап айтсақ, өткен жылы құны 2 млрд. 400 млн. теңге болатын 4 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. «Ауыл аманаты» бойынша 40 жоба қаржыландырылып, елуге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Елді мекендерді ауыз сумен қамту, газдандыру, тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ \Ауданда 3 млрд.400 млн теңгеге қайтарылған қаржыға бес жоба жүзеге асты. Соның ішінде төрт ауылымыз суға кірді, тұрғындарды электр энергиясымен қамту мақсатында Қазалы қаласының электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді газдандыру бойынша 2025 жылы Ақтан батыр ауылына газ кіргіздік\

Ал, биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Ақжона, Алға ауылдық окруктерінде газдандыру жұмыстары басталады.

 АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ \аталған ауылдарға газ магистралді газ құбырын жүргізу үшін 3 млрд.133 млн теңгеге қаражат бөлінген болатын. Сонымен 2025 жылы ауданда 75 пайыз газдандыру жұмыстары жүргізілсе, алдағы төрт ауылға газдандыру арқылы 78,5 пайызға жеткізу жоспарлануда... \

Аудандағы ең өзекті мәселенің бірі – Қарлаң көпірінің құрылысы қазан айында аяқталып, ел игілігіне беріледі. Осылайша дарияның арғы бетіндегі сегіз мыңнан астам тұрғынның тілегі орындалады.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ \Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы 758 млн теңге қаражат бөлінсе, ал 2026 жылыдң бюджетін бекіту барысында 2,2 млрд теңге, қаңтар айында 4,1 млрд теңге қаражат бөлінді. Көпір құрылысын жылдың соңына дейін яғни қыркүйек, қазан айында ел игілігіне беретін боламыз.... \

Қазалыда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жақында теміржолдың үстінен өтетін аспалы көпір пайдалануға берілсе, алдағы уақытта Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында заманауи үлгідегі спорт кешені ашылады.