#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған «Ұлтына ұл, дәуіріне дара болған тұлға» атты тағылымды шара өтті.
«Бeрдiбeк Сaпaрбaeв – хaлыққa болсa eкeн дeп, eл iшiндe жaқсы aтым қaлсa eкeн дeп, тaңның aтысы мeн күннiң бaтысы aянбaй тeр төгeтiн aзaмaт. Eң бaстысы, бүгiнгe eмeс, болaшaққa жұмыс iстeйтiн қaйрaткeр». Бұл – Бердікеңе халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың берген бағасы. Рас! Бердібек Мәшбекұлы қaржы-экономикa сaлaсының жiлiгiн шaғып, мaйын iшкeн мaмaн. Тәуeлсiздiк жылдaры түрлi сaлaлaрдa тыңнaн түрeн сaлғаны тағы бар. Қaзaқстaндa 5 облысты бaсқaрды. 11 Прeмьeр-министрмeн жұмыс iстeдi. Eкi мәртe Прeмьeр-министрдiң орынбaсaры өрeсiндe eңбeк eттi. Қaйдa жүрсe дe жaмaн aты шыққaн жоқ. Кeрiсiншe, қaрaшaғa қaрғa aдым болсa дa жaқын болуғa бaрын сaлып бaқты.
МАЖИТ САМИТОВ – АУДАН ӘКІМІ
// Бердібек Машбекұлы Сапарбаев- тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше орны бар, халықтың шынайы құрметіне бөленгенмемлекет қайраткер. Ол қарапайымдылықты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді,әділдікпен шыншылдықты өмірлік ұстаным етті, осындай асыл қасиеттері оны халыққа жақын, елге сыйлы тұлғаға айналдырды. Осы ретте, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп, осындай мазмұнды іс-шараларды ұйымдастырып отырған аудандық білім бөлімінің басшылығына, Ләззат Машбекқызы бастаған № 286 мектеп ұжымына, ұстаздар қауымына және белсенді оқушыларға шынайы алғыс білдіремін.//
Өмірің өнегелі болса, кейінгілер өлең қылып өреді, ән қылып айтады. Бұған – Бердібек Сапарбаевтың ғибратты ғұмыры дәлел. Шарада оқушылар арасында «Ерен де берен Бердібек» атты туынды бойынша сайыс өтті. Қызылорданы қалыпқа келтіріп, Шымкентті ширатқан, Ақтөбені адымды, Жамбылды жалынды етіп, Өскеменді өскелең облысқа айналдырған тұлғаға арнап фотокөрме ұйымдастырылды. Оқушылар салған портреттік жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.
ӘБІЛҒАЗЫ ДҮЙСЕНБАЕВ – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
//Бүгін міне ұлтына ұлт-дәуіріне дара болған шарамыздың күәсі болдыңыздар, негізгі мақсаты Бердібек Сапарбаевтің еңбек жолын, оқушылардың бойына еліне деген сүйіспеншілікті дәріптеп жатырмыз деп білемін.
НАЗЫМ ЮСУПОВА – ОҚУШЫ
/Бүгінгі іс-шарадан көп нәрсе түсіндім. Бердібек Сапарбаевтың парасаттылығы мен табандылығы білімге деген құштарлығымызды арттырды./
ЖАСМИН ӘБДІРАХМАН – ОҚУШЫ
/«Ерен де берен Бердібек» кітабы маған үлкен әсер қалдырды. Оның қарапайымдылығы мен жанкештілігі – үлгі боларлық қасиет. Осындай тұлғалар ұмытылмас үшін осындай форумдар мен кештер жиі ұйымдастырылса деймін./
Аңдап қарасақ, Бердібек Мәшбекұлы мәнді өмір сүрудің үлгілі үрдісін көрсетті. Деректерді қайталамай-ақ қоялық. Бәрі қайраткерді білетіндер үшін бес саусақтай мәлім. Жадыда жаңғырып тұр. Халқы сүйген азаматқа көзқарас әркімнің өз шоқысынан емес, баршаға ортақ биік мұнарадан айтылуы керек. Оның алты сала адамдығы мен тоғыз түрлі табандылығы, нұрлы ойы, жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталары анық.