#qyzylordatv
Жаңа Конституция жобасына қатысты өзгерістер өңірлерде кеңінен талқылануда. Осыған орай саяси партия өкілдерімен кездесу өтті.
Жиын «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Басқосуда Астанада өткен кеңейтілген саяси кеңесте қабылданған шешімдер партияның өңірлік активіне таныстырылып, жаңа Конституция жобасына қатысты ұсыныстар ортаға салынды. Кездесуге облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, партия белсенділері қатысып, өз пікірлерін білдірді.
ҚУАНЫШ СЕЙІТЖАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиынның мақсаты қазір елімізде жаңа конституция жобасының талқылау бойынша үлкен іс-шаралар өтіп жатыр. Сол саяси кеңес отырысында жаңа конституция жобасы толықтай талқыланды.Сондықтан да тікелей партияның өзінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан іс-шара. Енді орталықта саяси кеңесте шыққан шешімдер өңірлерде қызу талқылануда.