#qyzylordatv
Облыс орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы өтті. Шарада жаңа туындының мазмұны мен негізгі идеясы, автордың шығармашылық ізденісі мен еңбегі туралы кеңінен айтылды.
«Бибі-Сана» романында адам тағдыры мен оның өмір жолындағы күресі негізгі тақырып ретінде алынған. Қазақ әйелінің қоғамдық ортадағы орны, ішкі рухани тұрақтылығы және тағдырдың ауыр сынақтарына төтеп беруі мазмұндық тұрғыда ашып көрсетілген.
Шығармада адалдық, рухани тазалық пен адамгершілік ұстанымды жоғалтпау мәселесі кеңінен насихатталған. Сонымен қатар туындыда өмірдің күрделі кезеңдерінде ар-ожданға берік болып, жалған құндылықтарға ермеу қажеттігі бейнеленген. Автор кейіпкерлер тағдыры арқылы адам қандай жағдайға тап болса да өз болмысын сақтаудың маңызды екенін алға тартады.
АЙМАН АЙТБАЕВА – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Қазақ әдебиетінде адам тағдырын рухани әлеуметтік мәселелерін қатарында қарастырып, ішкі әлеміндегі дүниені көрсете білген біздің жазушыларымыз баршылық. Солардың саңлақ қатарында Бибігүл Иманғазинаның «Тауқымет» романындағы мүгедек әйел аналарының тағдыры туралы ,рухани әлемдегі өзгерістер. Мысалы, сол жандардың басындағы хәлді ешкімге айта алмай,ішкі әлемінде ғана сақтап ,тұңғиыққа мұңға берілген жандардың тағдырын бұл кісі керемет суреткерлік шеберлікпен жеткізе білді. Тағы бір айта кететін ерекше дүниесі мүгедек әйел бала туа алмайды-деген дақпыртты жоққа шығарады. Мүгедек әйел бала туа алады,ол баланың адамдар мен қарым-қатынасы барлығыда жоғары дәрежеде болатындығын көрсетті.
АЙГҮЛ ЖАҢҒАБЫЛОВА – Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
30 жылдан аса шыққан бұрын Тауқымет кітабының толықтырылып, одан әрі де қызықшылығын танытып қосылған кітап болып шықты. Иманғазинаның тек қана өмірі ғана емес, өзінің өмірін баяндай отыра қандай қайырылымдылық жасаудың үлгісін көрсетіп отқандай.