Облыс орталығында Ішкі істер органының құрметті ардагері, полиция полковнигі Серікбол Тұңғышбайды еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Доп додасына полиция департаментінің ардагерлері қатыстып, өзара бақ сынады.


Серікбол Қуатбайұлы 1959 жылы 12 қаңтарда Сырдария ауданында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 1980 жылы Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің №2 арнайы комендатурасында милиционер-кезекші қызметінен бастаған. Кейін қылмысты іздестіру бөлімшесінде жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, бөлімше бастығының орынбасары және бастығы лауазымдарын атқарған.


ӘМІРБЕК ШАЙМАҒАНБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

//Серікбол ағамызды Сыр елі жақсы біледі, еліміздің тыныштығына, өңірімізде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етуге, қылмыстыққа қарсы күресте бар саналы ғұмырын арнаған. Құқық қорғау саласында қызмет жасаған ардагер ағамыз. Ел халық алдындағы ерен еңбегін еске алу, жас-ұрпаққа жас полиция қызметкерлеріне, жас тәртіп сақшыларына үлгі ету мақсатында атқарылып жатқан. Бүгінгі Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшылығы, Қызылорда облыстық ішкі істер орган ардагерлері мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің бірлесіп атқарылып жатқан шара ағамыздың ерен еңбегі бәрімізге үлгі.//

Серікбол Қуатбайұлының Ішкі істер саласындағы қырық жылдан аса табанды еңбегі ескерусіз қалмады. Қызмет барысында «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері» және өзге де ведомостволық наградалармен марапатталған. Айта кетейік, арда азаматты еске алуға арналған турнирге құқық қорғау органдары ардагерлері мен арнайы құрылым қызметкерлерінен жасақталған 8 команда, жалпы саны 120-ға жуық адам қатысты.

ОРАЛБЕК ОМАРОВ, ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

// Қызылорда облыстық Полиция департаментінде өзінің саналы ғұмырын 30- жылға жуық уақытын Ішкі Істер органында қызметке арнап, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де 9 жыл бойы Ішкі істер ардагерлер кеңесіне төрағалық еткен. + Аталған турнирда облыс көлемінде ардагерлер командасынан құралған 8 команда өзара бақтарын сынап жатыр. Ардагерлеріміз жеке құрам мен бірге өздерінің дене дайындықтарын мықты екенін осы алаңда көрсетіп жатыр. Өз кезегімізде ардагерлерге осындай іс-шара ұйымдастырып беру арқылы ағамыздың есімін өскелең жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтау мақсатында ұйымдастырып отырмыз.//

СӘБИТ АЛИХАНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР //Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құрметті ардагері полиция полковнигі Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлын еске алуға арналған турнирге келіп қатысып жатырмыз зейнеткерлер атынан. Барлығына қатысушыларға сәттілік тілейміз.//

Турнир қорытындысы бойынша І орынды облыстық Полиция департаменті командасы, ІІ орынды қалалық полиция басқармасының ардагерлер құрамасы, ІІІ орынды Арнайы мақсаттағы бөлініс ардагерлері иеленді.