#qyzylordatv

Қызылордада қыз баланы аңдыған қала тұрғыны

қамауға алынды.

 Жәбірленуші өзін өгей әкесі ізінен қалмай аңдып, мазалап жүргені туралы полицияға арызданған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, қамауға алды.

 БАУЫРЖАН СӘУЛЕБЕКОВ – ОПД БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері сталкингтің 6 дерегінің жолын кесті. 6 жағдайдада да күдіктілер жәбірленушілермен бұрын-соңды таныс болған. Қыз балалар мен әйелдердің қарым-қатынастан бас тартқанына қарамастан ер адамдар оларды аңдып, байланыс орнатуға тырысқан. Күдіктілер жедел түрде ұсталып, қылмыстық істер сотқа жолданып, соттың үкімімен қамауға алынды. Полиция мұндай құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын ескертеді