Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалған Наурызбай Байқадамов таныстырылды. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, зиялы қауым өкілдері, сала мамандары, профессор-оқытушылар қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті еліміздегі білікті мамандарды даярлауға, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға елеулі үлес қосып келе жатқан білім мен ғылымның ордасы. Оқу орнының тоқсан жылға жуық тарихы бар. Бүгінде ғылымды дамыту, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жолында 580 профессор-оқытушы қызмет атқаруда.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

// Университетте 2023 жылы 5046 студент оқыса, қазіргі таңда 155 мамандық бойынша 11 мыңнан астам студенттер білім алуда. Оның ішінде 5375-і мемлекеттік грантпен, қалған 5690 студент ақылы негізде оқуда. Соңғы 5 жылда білім алушылар санының ұлғаюы мен ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың артуы есебінен унисерситеттің табысы 3 есеге өсті. 2020 жылдан бері оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 1 млрд 150 млн теңге бағытталып, ботаникалық бақ қайта жаңғыртудан өтті. Студентетдің инкубациялық жобалары мен, страп идеяларын жүзеге асыруға толыққанды мүмкіндік беретін бизнес-инкубациялық орталық жұмыс жасауда. Биылғы жылы 2 млрд теңгеге инжинирингтік парктің құрылысы басталады. //

Жиында Мұрат Ергешбаев, Гүлзат Көбенова, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов, Мұрат Бақтиярұлы, ғылыми кеңес мүшелері Серікбай Қошқаров, Ұлжан Жанбершиева сөз сөйледі.

Атап өту керек, Наурызбай Байқадамов 1991 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және француз тілі» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастап, 1994 жылы өзі білім алған оқу орнына оқытушы ретінде қайта оралды. Университетте 2008-2013 жылдары тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды. Жоғары оқу орнында 20 жылға жуық еңбек етіп, университеттің көпсалалы аймақтық білім ордасы ретінде қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

Ол – тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғамтанушы, 150-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, бірнеше кітаптың авторы.

2024 жылғы сәуірден осы кезеңге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды. Заң шығару қызметіне белсенді қатысып, өңірдің өзекті мәселелерін көтерді.

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРЫ

// Бүгінгі таңда халықтық талқылауға түскен Конституциясының жаңа жобасы мен алғашқы преамбуласынан бастап, кіріспесінен бастап ғылым, білім, инновация, руханият деген сөздер мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыты болатынын айқындады. Соған сәйкес Үкімет арнайы отырыс өткізіп, жергілікті жерде ғылым, инновация, білімді дамытудың жаңа кезеңдеріне бастау алатын тапсырмалар қойды. Сол уақытқа сәйкес біздің облыста атқырылып жатқан жұмыстардың бар екенін де білесіздер, көріп жүрсіздер. Ал бүгінгі жиынның осында өтуі жаңа кезеңге леп беретіндей жағдайда екенін сезініп отырмыз. Үлкен жауапкершілік.//

Университеттің бас оқу ғимаратында Басқарма төрағасы-ректордың тағайындалуына орай шаралар легі жалғасты.