«Ақ жол» партиясы облыстық филиалының өкілдері өңірдегі «Aray City Mall» сауда-ойын-сауық орталығында кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі өзгерістері түсіндіріліп, референдумның маңызы мен дауыс беру тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Партия өкілдері тұрғындарды ел болашағы үшін белсенділік танытуға шақырды.