Байқоңыр қаласында жүргізуші куәлігінсіз масаң күйде көлік тізгіндеген азамат ұсталды. Жол ережесіне енжар қараған жан 20 тәулікке абақтыға қамалды.

Бұл оқиға 17 ақпанға қараған түні орын алған. Күдік тудырған «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлікті жол сақшылары дереу тоқтатыпты. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін мүлдем алмағаны анықталды. Сондай-ақ, медициналық куәландыру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғаны расталып отыр. Енді ол 20 тәулік жаза арқалайды. Айта кетейік, елімізде қазір «Заң мен тәртіп» қағидатына баса назар аударылып келеді. Сондықтан профилактикалық жұмыстар күшейе түседі.