#qyzylordatv
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы өңірдегі жұмыс сапары барысында облыстың телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған бірқатар нысандарды аралап, сала мамандарымен бас қосты. Өңірде өткен кездесулерде байланыс инфрақұрылымын жаңғырту, оптикалық желіні кеңейту және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сапар аясында компанияның өндірістік бөлімшесінде жаңартылған монтер бөлмесі пайдалануға берілді. Нысан еңбек жағдайларын жақсарту және техникалық персоналдың тиімді жұмыс істеуіне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында толық жөндеуден өткен. Бұрын техникалық талаптарға сай келмейтін кабинет заманауи стандарттарға сәйкес қайта жабдықталды. Қызметкерлер үшін арнайы шкафтар орнатылып, санитарлық-тұрмыстық талаптарға сай душ бөлмелері, санитарлық тораптар және демалыс аймақтары жасақталған. Бұл – өндірістік персоналдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Сонымен қатар, өңірде телекоммуникация желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл Қызылорда қаласында кеңжолақты интернет желісін кеңейту және мыс байланыс желілерін кезең-кезеңімен талшықты-оптикалық технологияға көшіру жоспарланған. Нәтижесінде шамамен 10 мыңға жуық абонент заманауи оптикалық интернетке қосылады.
ГАЗИНУР РАИМХАНОВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИВИЗИОНЫНЫҢ ЭКСПЛУАТАЦИЯ ДИРЕКТОРЫ
Қызылорда қаласына келу барысында басқарма төрағасы Бағдат Мусин қызметкерлер үшін монтер бөлмесін ашты. Мұнда бұрын дизельді ескі бөлме болды және бүгінде қарапайым кәсіптерді қолдау жылы аясында қаражат бөлініп отыр. Жөндеу жұмыстары жүргізілді және біздің қызметкерлер бүгіннен бастап қолайлы еңбек жағдайларын пайдалана алады. Көріп отырғаныңыздай, мұнда жұмыс киіміне арналған шкафтар бар. Сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық жағдайларға сәйкес жұмыстарды орындау үшін душ, санитарлық тораптар, тамақтану бөлмелері және жалпы кабинеттер жөнделді. Биылғы жылы да Қызылорда қаласы бойынша үлкен жұмыс оптикалық желіні дамытуға ниетті, біз 10 мыңға жуық абонентті оптикаға ауыстыруымыз керек, сондықтан қала тұрғындары заманауи технологиялардың барлық артықшылықтарын сезініп, интернетті жоғары жылдамдықта пайдалана алады