Жыл басынан бері 102 арнасына отбасылық-тұрмыстық сипаттағы 219 хабарлама түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жүз төрт қоңырауға артық. Аймақта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы респубилкалық «Тұрмыс» іс-шарасы басталды. Енді, тәртіп сақшылары отбасын ойрандап, тыныштықты бұзатындарға түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізеді.
Осыдан бір жыл бұрын 73 жастағы анасын 40 жастағы ұлы араққа сылқия тойып, ауясыз ұрған. Тіпті, қарт анасының қолдарын балғамен соққылап, басын жарып, қорлық көрсеткен.
Анасына зорлық-зомбылық көрсеткен азаматқа қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алған. Десе де, баласының бостандығы басымның амандығынан артық, деген ана ұлына кешірім беріпті. Алайда, Сот заңға сәйкес ұлын алты жылға бас бостандығынан айырған.
ЗАМИРА САЙҒОНДЫҚЫЗЫ – ОПД ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
// Аталған дерек бойынша жәбірленушінің баласы ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабының 2 бөлігінің 3-тармағы бойынша 6 жыл мерзімге басбостандығынан айырылды. Біз респубилкалық акциялар аясында осындай өмірлік қиын жағдайға тап болған семьяларды, профилактикалық есепте тұратын азаматтардың үйлерін аралап, кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
Аймақта ұлының жуан жұдырығынан жәбір көрген жандар аз емес. Тіпті, өткен жылы бір жағдай кісі өлімімен аяқталыпты.
ЗАМИРА САЙҒОНДЫҚЫЗЫ – ОПД ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
// Ішкілікке салынған баласы өзінің егде жастағы әкесін байқамай, абайсызда өлтіріп алады. Яғни ол отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған қылмыс болып табылады. Ол баласына қатысты қазіргі таңда іс қозғалып, сот жүргізіліп, іс өз шешімін тапты.
Жалпы, былтыр 128 қылмыстық іс тіркелсе, биыл жыл басынан бері 10 дерек анықталған. Сондықтан, сақшылар республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрмыстық жанжалдың алдын алып, тығырыққа тірелген жанұяларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Он бесінші ақпанда басталған науқан бір апта көлемінде жалғасып, есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары жүруде.