Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің елшілері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Елшілер кафесі» форматында өткен жиынға қатысты. Жоғары оқу орнының студенттері пікір алмасу алаңында дипломаттармен тікелей тілдесіп, Еуропада білім алу бағдарламалары туралы ақпарат алды. Мұнан соң мәртебелі меймандар бірқатар нысандарда болып, қаланың даму динамикасымен танысты.

Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің елшілері Сыр еліне сапарын іргелі оқу ордасы Қорқыт ата университетінен бастағаны бекер емес. Білім ордасы соңғы үш жылда ЕуроОдақтық «Эразмус+» бағдарламасы аясында жұмыс істеп келеді. Осы арқылы Словения, Бельгия, Словакия елдерінің жетекші университеттерімен тәжірибе алмасады. Ал, Германияның Тюбинген университетінің археологтары 20 жылдан бері Жанкент қаласына қазба жұмыстарын жүргізуде. Мұнан бөлек, Магдебург университетімен логистика және тұрақты энергетика бағытында қазақ-неміс жобасы іске асырылады.

АЛЕШКА СИМКИЧ – ЕУРООДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ

// Біз қандай өңірге барсақта міндетті түрде «Елшілер кафесі» форматында студенттермен кездесу өткіземіз. Өйткені, жастар кез-келген мемлекеттің болашағы. Олардың арасында шет елдерде оқуды, өмір сүруді немесе ондағы адамдардың өмірі туралы білгісі келетіні белгі. Сол себепті де, осындай кездесуде біз жастардың сұрақтарына жауап беріп, ақпарат беруге тырысамыз. Әрине, әр елші өз еліндегі оқу бағдарламалар бойынша толық ақпаратты білмейтіні анық. Алайда, жастардың қызығушылығын өз еліндегі оқу ордаларына жеткізеді. Осылайша университеттер арасында байланыс орнату мүмкіндігі болады.//

Иә, ғылым саласында серіктессіз серпіліс болмайтыны сөзсіз. Ал, сол келісіміді жүзеге асырудың басты мақсаты ғылым мен білім бағытында тығыз байланыс орнату. Бұл студенттердің шет елдерде кедергісіз білім алуына жағдай жасау. «Елшілер кафесі» форматындағы жиын да жастардың болашаққа бағдар алатын алаңы іспетті. Әсіресе, шет елдің белді білім ордаларында оқуды армандайтын студенттер үшін бұл кездесу үлкен мүмкіндік. Себебі, олар өздерін мазалап жүрген сұрақтарға тікелей жауап алып, диполматтардың көмегіне жүгінуде.

Бұл форматтағы жиын студенттердің дүниетанымын кеңейтуге және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді, дейді Сырты істер министрінің орынбасары.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Еуропалық өкілдіктердің визиті үлкен-үлкен үлесін қосады. Сыр елінің, Қызылорда облысының эконмикасына. Себебі, ғылым, білім саласында бірнеше бағдарламалар бар. Оның ішінде екі ел арасында. Қорқыт ата университетінің тікелей бағдарламалары бар. Жастардың әлеуеті жоғары. Сол себепті үлкен-үлкен мүмкіндіктер ашылады.

ЕЛШІЛЕР ҚАЛАНЫҢ КӨРІКТІ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Мұнан соң, елшілер қаланың көрікті жерлерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Делегация мүшелері «Қайсар аренаға» барып, спортшылардың жаттығуын тамашалады. Жаңа стадионның мүмкіндіктерін көріп, жұмысты оң бағалады. Қадірлі қонақтарға «Қайсар» футбол клубының арнайы шалғыларын сыйға тартты. Меймандар мұнан соң «Теннис» орталығына барып, қатысушылармен бірге үстел теннисін ойнады.

Айта кетейік, делегацияның Сыр өңіріне сапарының басты мақсаты аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, еуропалық компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға жол ашу.