Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров мен Мәжіліс депутаттары мұнан соң «Orhun Medical» орталығының ашылуына қатысты. Медициналық мекеменің басты ерекшелігі - позитронды-эмиссиялық томография қызмет көрсетеді. Яғни, жоғары технологиялық онкологиялық диагностика аты жаман ауруды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтап, диагностикалау ең күрделі мәселенің бірі. Елімізде осы мақсатта «Онкологиялық қызметті дамыту» ұлттық жобасы әзірленген болатын. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Оrhun medical» жоғары технологиялық медициналық орталығы соңғы үлгідегі құралдармен толықтай жабықталған. Атап айтсақ, МРТ, КТ, рентгенография, маммография, ультрадыбыстық диагностика қызмет көрсетеді және күндізгі ем алу бөлмесі де қарастырылған. Ең негізгісі - онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған позитронды-эмиссиялық томография бар.

Айта кету керек, өңір тұрғындары бұған дейін тексеруден өту үшін Алматы мен Астана қаласына баруға мәжбүр болатын. Енді алысқа бармай-ақ сапалы медициналық қызметтерді жергілікті жерде ала алады. Медициналық орталықта жылына 3500 позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография зерттеуі жүргізіледі. Сонымен қатар, 16 мың магниттік-резонанстық томография, 20 мың компьютерлік томография, 25 мың рентгенологиялық зерттеу және 10 мың маммография жасауға мүмкіндік бар.