Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көктемгі күтіп-ұстау жұмыстары басталды.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау жұмыстарымен «ҚАЖ» сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып жатыр. Қазір мекеме қызметкерлері арнайы техникалардың көмегімен Түркістаннан Ақтөбеге дейін, Қызылорда қаласынан Ұлытаудың шекарасына дейін белгілерін жуу, сызу, жаңарту мен ой-шұңқырларды тегістеу, түнгі жарық бағаналарын ауыстыру және аялдамалар мен дәретханаларды тазарту секілді жұмыстарды жүргізуде.
ТЕМІРБЕК БӨЛЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ «КАЖСЕРВИС» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ "Қызылорда облысы аумағында республикалық маңызы бар «ҚАЗ-06» тарапта Қызылорда-Шымкент автомобиль жолы және «ҚАЗ-14» Қызылорда-Жезқазған жолы орналасқан. Атап айтатын болсақ, 921 шақырымын күтіп-ұстау жұмыстарымен айналысамыз. Ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап кешенді мақсаттағы бағдарлама аясында көктемгі күтіп-ұстау жұмыстарын айналысып бастадық. Атап айтар болсақ, жол жамылғысын яғни, ой-шұқырларды жабу, жол элементтерін жуу, тазалау немесе ауыстыру, жол таңбаларын сызу, сонымен қатар облыс аумағында 127 дана аялдама және 133 дана әжетхана орналасқан. Солардың әктеу-сырлауы және ішін арнайы техника арқылы тазарту сынды жұмыстар өз жалғасын табуда."