Қызылордада түнгі патрульдік қызмет күшейтілді. Себебі жол қауіпсіздігі дабыл қағарлық жағдайда. Жыл басынан бері, яғни небәрі үш айда облыс аумағында 25 адам жол-көлік апатының құрбаны болды. Қайғылы статистиканы одан әрі өршітпес үшін полицейлер күндіз-түні профилактикалық іс-шара ұйымдастырып жатыр. Түнгі рейдке біздің түсіру тобымыз да шықты.
Түнгі рейдке шықпас бұрын жеке құраммен гарнизондық жиын болды. Полицейлерге заң мен тәртіпті қамтамасыз ету аясындағы нақты тапсырма берілді.
Тапсырма алысымен тәртіп сақшылары іске кірісті. Түнімен қала көшелерін аралады. Көлік тізгіндеген жандарға жолда жылдамдықты және қашықтықты сақтау, қараңғы мезгілде сақ жүру сияқты ережелерді түсіндірді.
МЕРУЕРТ ӘБСАДЫҚОВА,ТІЛШІ 5
"Тәртіп сақшыларының рейд ұйымдастырудағы басты мақсаты жүргізушілерді айыппұлмен жазалау емес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені жол қателік кешірмейді."
Соны біле тұра, жол ережесіне салғыт қарайтындар жетерлік.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ, ОПД ӘПД БАСТЫҒЫ
"Қала орталығында, үлкен маңызы бар республикалық тас жолдарда бейнекамералар көбейткеніне қарамастан жүргізуші мәдениетінің төмендігінен сонымен қатар, әрбір жол жүрісіне қатысушылар өздерінің жауапкершілігін төмен сезінуінің кесірінен жол-көлік оқиғалары өсім алып отыр. Жалпы былтырға қарағанда жол-көлік оқиғаларының саны аз болғанымен жол-көлік оқиғасының нәтижесінде қаза болғандардың саны өкінішке орай артып отыр. Жүргізушілердің жауапсыздығының бір айғағы көлік құралын алкогольдік немесе есіркілік уытқұмарлық масаң күйде басқару болып отыр."
ТҮНГІ РЕЙД
Түнгі рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтарды аралап, заңды өкілінсіз жүрген балаларды анықтады.
ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ , ОПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
"Қазіргі уақытта 17 кәмелетке толмағандар анықталды. Яғни 23:00 ден кейін ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірім балалар болып табылады. Сонымен қатар, қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдер анықталды 3 дерегі. Ол бойынша да жұмыстар жалғасуда."
Рейд барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарға масаң күйде келген 64 адамға және тыныштықты бұзған 44 тұрғынға әкімшілік хаттама рәсімдеді. Сондай-ақ, есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату фактісінің жолын кесті.