Өңірде жылу беру маусымы аяқталды. Мамандардың айтуынша, биыл әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер толықтай жылумен қамтылып, жүйе штаттық режимде жұмыс істеді.
ТАХИР НӘДІРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
"Яғни 1079 әлеуметтік нысан мен 909 көпқабатты тұрғын үй тұрақты жылумен берілді. Облысымызда жылу беру маусымында апаттық жағдайлар орын алған жоқ. Барлығы да штаттық режимде жұмыс жасап, жылу сыртқы ауа температурасына сәйкес берілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда жылу беру орталықтарында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұл негізінде қазір температуралық және гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Сонымен қатар, құны 215 млрд теңгені құрайтын Акца-энерджи түрік компаниясы арқылы жылу станциямыз қазір жұмыс жасап тұр."
ХАСАНҒАЛИ ИМАНҒАЛИЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
"Ешқандай апаттық жағдай болған жоқ, жылу маусымында енді осы 1 сәуірде қала әкімі шешімімен жылу маусымы аяқталды. Енді қазіргі таңда жылу орталығында 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында жоғары қысымды сынақ жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол сынақ жұмыстары атқарылғаннан кейін одан шыққан ақауларға сол кестеге сәйкес пландық жұмыстар атқарылады."
Сонымен қатар, өңірде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады.
ТҰРАРБЕК БАДАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
"Сонымен қатар, барлық энергетикалық нысандар әзірлік паспортын мерізімінде алды. Негізгі міндет – өңірлерде өңірлерде көмір тапшылығымен негізсіз дүрбелеңге жол бермеу. Жалпы ағымдағы жылыту маусымында коммунальдықтар тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірге деген қажеттілік 139 мың тоннаны құраса, бүгінгі таңда оның 124 мыңнан тоннасынан астамы жеткізілді. Жалпы күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету және алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жалғаса береді."