#qyzylordatv
Ұлттық кітап күні мерекесі қарсаңында Қызылордада «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты шара болды. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру үшін ұйымдастырылған басқосудан тілші бейнематериалы.
Әдетте кітапты оқу залында оқитын балақайлар бұл жолы ботаникалық баққа жиналды. Шараның ерекшелігі де осында. Табиғат аясында өткен әдеби жиында әрбірі сүйікті шығармаларын дауыстап оқып, ойларымен бөлісті. Күн сәулесі мен баяу соққан самал жел зейініңді аша түскендей.
АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА– Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
23 - Сәуір ұлттық кітап және кітапханашылар апталығы аясында Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ашық аспан астындағы балалар әдебиеті бөлімінде дауыстап оқулар ұйымдастырылып жатыр. Бұл шараның ұйымдастырудағы мақсат – мектепке дейінгі тәрбиеленушілер, бастауыш сынып және жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Жалпы кітап оқуды насихаттау мақсатымыз.
ЖАҢАГҮЛ СЕЙДІЛДАЕВА - ІЛИЯС ҚАБЫЛОВ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Тәжібаев кітапханасымен тығыз байланыстамыз үнемі барлық іс-шараларға қатысамыз. Бүгінгі болып жатқан іс - шараға қазіргі таңда сыныбымнан он бес оқушыны әкеліп тұрмын. 23 - і Сәуір ұлттық кітап күніне орай өткізіліп жатқан іс- шараның маңыздылығы өте кең. Мақсатымыз - балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында үнемі кітаппен тығыз байланыста болған баланың білімі ой өрісі кең болады. Сондықтан кітапханамен байланысымызды үзбеуге тырысамыз.
Кітап оқуды насихаттау, зияткерлік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасады.