#qyzylordatv
Жыл басынан бері 3 миллионан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді. Көлікті мас күйінде жүргізген бес жарым миллионнан астам жүргізуші ұсталған. Сонымен бірге, 120 мыңнан астам жаяу жүргінші заң бұзған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Онда Президенттің «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды.
Ішкі істер министрінің сөзінше, заңға бағынбағандарға 29,7 млн айыппұл салынған. Ержан Сәденов жол апаттарын азайту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында елімізде цифрлық шешімдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Республикалық жолдарда 60%-дан астам заңбұзушылықтарды тіркейтін 30 мыңға жуық камера жұмыс істеп тұр, деді. Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі енгізіліп, бейнебақылау желісі кеңейтілуде. Сонымен қатар, «жасырын» патруль қызметі жетілдіріліп жатқанын да айтты. Оған қосымша көліктің техникалық жай-күйін және техникалық байқаудан өтуіне бақылау күшейтілуде, дейді. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап электр скутерлерді пайдалануға қосымша талаптар енгізіліп жатқанын хабарлады.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ
Самокаттар бойынша мәселені шешіп жатырмыз. Электро велосипедтер мен мапеттер мен скутерлер қалай болды? Жауап: Мапеттермен бірге теңестірілген электро велосипедтер. Бүгінгі күнде оларға да мапеттерге қандай талап қойылады оларға да сондай талап қойылады. Қай жерде жүруге болады? Куәлігі болуы керек жүргізуші одан кейін толыққанда заңдастырылу керек. Тапсырма: Әйтпесе шағымдар түсіп жатыр. Әсіресе, курьерлер... тротуармен жүреді. Тәртіп орнатыңыздар.
Олжас Бектенов кейбір көрсеткіштердің төмендегеніне қарамастан, қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді. Жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу жүйесін өзектендіруді, тек республикалық трассаларда ғана емес аймақтық жолдарға тиісті камераларды орнату мәселесін шешуді тапсырды.