#qyzylordatv
Сыр бойында өзінің вокал мектебін қалыптастырып, талантты шәкірттерді түлетіп ұшырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Қаракөз Ақдәулетованың 70 жылдығына орай Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінде музей бұрышы ашылды.
Облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен ашылған музей енді колледждің ғана емес, қаланың рухани орталығына айналмақ. Сөрелерге колледж тарихынан сыр шертетін естелік суреттер қойылған.
Ал Қаракөз Ақжігітқызының өмірі мен шығармашылығына арналған бұрышта ұстаздың наградалары, фотосуреттері басқа да жеке заттары сақталмақ.
ШАХМАРДАН ӘБІЛОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Бүгін мен үшін өте қуанышты жағдай, Қызылорда өзгеріп кеткен екен, Қаракөз замандасым, әріптеспіз. Мен ұстаз ол кісі студент болды. Инабатты ақылды өнерге рухтық қасиеті өзгеше, оқуды бітіріп еліне келді, өнерге жүрегін салған. Қаракөз Арамыздан ерте кетті аға деп тұратын, мен конкурстарға балалар алып барайыншы деп тұратын. Жаңа өнер ордасы ашылыпты қандай керемет
МҮСІЛІМ ӘМЗЕ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер ұстаз Қызылорда қаласының құрметті азаматы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің мұғалімі болған. Қаракөз Ақжігітқызы Ақдәулетованың биыл 70 жылдық мерей тойы. Мерей тойы шамасында біршама іс шаралар жүзеге асып жатыр. Қаракөз Ақжігітқызының есімін ұлықтау тарихта қалдыру мақсатында ескерткіш тақта аштық. Білім басқармасының қолдауымен үлкен музей ашып жатырмыз әрі колледждің музейі. Музейді ашылу салтанатын жасадық бір қабырғаны сол кісінің мұрасына арнап отырмыз. Достары, шәкірттері бар кезде аты өшпейді деп ойлаймыз есімі алтын әріппен жазылды деп санаймыз.