#qyzylordatv
Шиелі ауданында уран өндіруші кәсіпорындарға көліктік-логистикалық қызмет көрсетуге бағытталған компанияның меретойы аталып өтті. «KAP Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына 20 жыл толып отыр.
«KAP Logistics» «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы ретінде еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді. Серіктестік өңірдегі РУ-6, «Семізбай-У», «Волковгеология» акционерлік қоғамының №23 барлау экспедициясы және Түркістан облысы аумағындағы бірнеше өндіріс орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің басты ұстанымы - кәсібилік, жауапкершілік, сенім және тұрақтылық.
Компания аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына да өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, «Шиелі–Тайқоңыр» автожолы жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мұнан бөлек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданнның тазалығын қамтамасыз етуге арнайы техникалар бөлінген.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ, АУДАН ӘКІМІ
Шиелі ауданы аумағында 1982 жылдан бастап өндіріс орындарының негізі қаланып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берілді....
« KAP Logistics» серіктестігінде 1400-ден астам қызметкер болса, оның 568-і «Шиелі-Сұңқар» филиалында жұмыс істейді. Жұмысшылардың қауіпсіздігі, әлеуметтік жағдайы басты назарда. Салтанатты шарада ұзақ жылдар осы салада қызмет істеп, табысты еңбек етіп жүрген мамандар марапатталды.
Жиында «KAP Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Дархан Рамазанов компания қызметкерлерін мерекемен құттықтап, 20 жылдыққа арналған төсбелгі табыстады.