#qyzylordatv

Аймақ руханияты үшін айтулы жаңалық. Бүгін Президент саябағында жаңа драма театрдың іргетасы қаланды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асып отыр.

ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ

Қазір Президент саябағының айналасы құрылыс алаңына айналған. Мәселен мына атшаптырым аумақта жаңа драма театр бой көтермек. Бүгін өнер ордасының іргетасы қаланып, капсуласы салынды.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр төрінде өткен Құрылтайдың 5-ші отырысында Қызылордада жаңа драма театр салуды тапсырған болатын.

АЗАМАТ ӨСІМБЕКОВ – «ВД СТРОЙ ИНЖИНИРИНГ» ЖСШ БАС ДИРЕКТОРЫ

 Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары басталып жатыр. Жалпы 11 мыңнан астам ғимараттың көлемі. Үш этажды болады және 510 орындық акт залы. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күннен басталып, екі жылдың ішінде бұйырса аяқталады.

 Жобаның басты ерекшелігі сахнада оркесторлық шұңқыр қарастырылмақ. Бұдан бөлек, репитициялық залдар, актерлік грим бөлмелері мен шығармашылық алаңдар болады. Бір сөзбен, сәні мен салтанаты келіскен ғимаратта тетар әртістері үшін жайлы жағдай жасалмақ.

ХҰСЕЙІН ӘМІР-ТЕМІР – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ Қызылордада қазақ театырының құрылғанына биыл 100 жыл. 1926 жылы январь айында «Алтын сақина» деген спектакльмен театр ашылса, міне 1 ғасырдан кейін жаңа театрдың іргетасы қаланып жатыр. Жаңа ғимарат өнердің жаңа белесіне, жаңа бір жаңғыруға алып келеді ғой деп ойлаймын.

 Капсула салу рәсімінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде мәдениет саласы ерекеше серпін алғанын атап өтті.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

 2022 жылдан бері аймағымызда 22 мәдениет нысандары салынып, ел игілігіне қызмет етуде Барлық 7 ауданда 11 млрд. 500 млн. теңгеге «Руханият» орталықтары бой көтерді. Облыстың бас шаһарында Өнер орталығы, «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Қызылорданың кезінде астана болғанына 100 жыл толуына орай 2 млрд. 300 млн. теңгеге облыстық Тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

 Президент пәрменімен қазығы қағылған бұл құрылыс нысаны мемлекеттің ұлттық мәдениетке деген ерекше ықыласының айқын көрінісі. Болашақта бұл өнер ошағы өңір руханиятының өркендеуіне зор үлес қосып, қасиетті қара шаңырақ театр өнерін жаңа белеске шығаратынына сенім мол.