#qyzylordatv

Бүгін Үкіметтің кезекті мәжілісінде көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды. Облыстың жаңа әкімі Мұрат Ергешбаев осы бағытта аймақта атқарылып жатқан тірлікті баяндады. Асыраушы саланың ахуалы турасында әріптесім айтып берсін.

Астана

 Биыл Қызылорда облысының егіске алатын су көлемі анағұрлым аз. Лимит 3 млрд 250 млн текше метр. Былтырғы жылмен салыстырғанда 650 млн текше метрге кем! Күріш көлемі қысқарды, оның орнына суды аз қажет ететін дақылдар егілмек.

Үкімет басшысы асыраушы салаға тиісті мемлекеттік қолдау барын, соған сәйкес аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керектігін тапсырды

 Үкімет отырысынан кейінгі жергілікті жиында аймақ басшысы жауапты сала басшыларымен агросаланың ахуалын талқылады. Құзырлы басқарма басшысы бөлінетін суды алуға барлық каналдар тазартылып, дайын екенін айтты.

 Көктемгі егіс бойынша кестеден қалып келе жатқан аудандар бар. Тұқыммен қамтуда, жүгері егуде

 Қарекетке қамшы салу керек. Көктемнің бір күні жылға азық деп бекер айтпаған. Осы жиында барлық басқарма басшылары өз салалары бойынша жағдайды бүге-шігесіз баяндады, қандай мәселе бар, оны шешу үшін қанша қаржы керек дегендей, ол туралы толығырақ апта қорытындысы Үштағанда тарқатып айтатын боламыз. Айтпақшы, әлі күнге дейін айналасы қоқыстан арылмай, санитарлық талаптарды сақтамай отырған аудан, ауылдар бары сынға алынды. Облыс әкімі аз уақыт ішінде кемшіліктерді жоюды, құзырлы басқармаларға міндеттелген тапсырмаларды толық орындауды тапсырды.