#qyzylordatv

Қазалы ауданында егіс алқабына алғашқы дән себілді. Тілші бейнематериалында толығырақ.

Бұл Ақтан батыр ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының егіс алқабы. Алғашқы дән себу рәсіміне орай ұйымдастырылған көрмеге ауыл шаруашылығы техникалары қойылған. Шаруалар пайдаланатын заманауи құралдың бірі - дрон. Ұшқышсыз басқарылатын дрон жасыл желекті шегірткеден, зиянкестерден қорғау мақсатында алынған. Ауданда биыл 17 257 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егіледі. Бүгінде диқандар жаздық бидай, мақсары, жаздық арпа, жаңа жоңышқа егуді толық аяқтап, ескі жоңышқаны тырмалап, суғарып, негізгі дақыл – күріш егісінің дайындығына кірісті.

 «Дала күні» семинар кеңесінде мамандар су тапшылығы жағдайында суды үнемдеу технологияларын енгізу, егіс құрылымын әртараптандыру және ауылшаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқталды.

ЖАЛҒАС СҮЙЕУБАЕВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бірінші кезекте ауылшаруашылық техникаларының, 268 техника болса, соның дайындығы қалып келтірілді. Оның бер жағында көктемгі егіске байланысты арзандатылған 640 тонна дизель отыны бүгінгі күні арзандатылған бағамен жеңімпаз анықталды. Қазір жер жырту жұмыстары, көктемгі егіс жұмыстарына шаруашылық құрылымдары пайдаланып отыр.Одан бөлек 440 тонна тыңайтқыштарымыз бүгінгі күні 240 тонна тыңайтқыш толыққанды алдырылып қойылды.Қалғаны кезектілігіне сәйкес алына беретін болады.

 Айта кетейік, «Береке» шаруа қожалығы биыл 855 гектар аумаққа күріш дақылын егеді. Одан бөлек 406 гектарға жаңа жоңышқа, 95 гектарға мақсары өсіреді. Шаруашылық басшысы алдағы уақытта жаңа техникалар алынатынын атап өтті.

ЖАМАЛАДИН ӨТЕЕВ – «БЕРЕКЕ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Су мәселесі – қазіргі басшылық, аудан әкімдігі, ҚазВодХоз су келеді, тауып береміз деп сенімімізді беріп жатыр. Су болады деген. Осы мына егістікке кететін шығындар, оларға жылдың басында агрокредиттік корпорциясынан біз кредит алғанбыз. Үкімет қолдап жатыр ондай шаруаларды. Төменгі пайызбен береді бізге. Агрокредиттік корпорциядан алынған ақшаға біз тұқым аламыз, удобрение, гербицид аламыз, жанар-жағармай, су мәселесі соның бәрін покрывать етеді.

 Көктемгі дайындық, егіс науқанының дер кезінде сапалы орындалуы күздегі нәтижеге әсер ететіні рас. Сондықтан диқандар тұқым мен тыңайтқышты дайындап, техниканы сайлап, бұл маусымға үлкен үмітпен кірісіп отыр.