#qyzylordatv
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің нөмірі 73-ші мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» атты әлеуметтік беймдеу акциясы өтті. Іс-шара аясында жазасын өтеп, бостандыққа шыққан төрт азаматқа қоғамға қайта бейімдеу бағытында қолдау көрсетілді.
Түзету мекемесінен кейін қалыпты өмірге бейімделу оңай емес. Сондықтан шара барысында оларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қайтарымсыз гранттар туралы ақпараттар беріліп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді. Өз кезегінде бостандыққа шыққан азаматтар қайта қылмыс жасамауға сөз берді.
Мен өзімнің істеген іс-әкрекеттеріме қатты өкінемін. Келешекте қоғамға пайдасын тигізетін азаматтардың бірі боламын. Өзімнің отбасыма ықыласпен қараймын. Шыққан кезде бизнес план деген секілді, кәсіпкер боламын деп нақты айталамын.
ЖЕҢІС ЕРНИЯЗ - №37 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Аталған іс-шараның басты мақсаты босап шыққан сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасамауы ең бастысы. Сотталған азамат мекемеге түскен күннен бастап әлуметтік көмек көрсету оған. Яғни қоғамға қайта бейімдеу болып есептеледі.