#qyzylordatv

Жалағаш ауданындағы барлық елді мекен ащы судан бас тартып, «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды. Бұл қоғамдық тәртіпті нығайтып, құқықбұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

 «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қолға алынған бастаманы ауыл тұрғындары бірауыздан қолдаған. Енді ауданға қарасты 14 елді мекеннің барлығында ішімдік сатылмайды. Кәсіп иелері алкоголь өнімдерін сату туралы лицензиясын қайтадан өткізген. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Рахатов құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге айрандай ұйыған, ізгілікке жиылған, тентек судан тиылған елді мекендерді аралап, халықпен кездесті.

 ТАЛҒАТ БЕКТҰРСЫНОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫ

Әрине кейбіреулері қарсылық білдірді. Себебі пайданың қомақты бөлігі алкаголь өнімін сатудан түскен. Бірақ енді халық қолдап тұрған жерде кәсіпкерде халықпен бірге болады. Бұл енді бірінші кезең деп санаймыз. Жалағаш кентінде де сауалнама өткізіліп, 93,3 пайызы алкаольсіз ауыл болуды қолдап отыр. Енді осы бағытта жұмыс жалғасады

 Жалағашта «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде масаң күйде жасалған қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға азайған.

ТЕЛЖАН ДӘУЛЕТБАЙҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Қазір көпқой осының кесірінен отбасынан айырылып жатқандар, өзіне өзі қол жұмсап жатқандар..

 МҰХАММЕДРАХИМ СЕРЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Атаңнан қалған ас емес арақ деген. Харам нәрсе, бір тамшысының өзі күнә дейді дінде....

 «Алкогольсіз ауыл» жобасын жастар да қолдайды. Себебі, қазір ішімдік ішіп, көше кезіп жүретін кез емес. Білім алып, спортпен шұғылданып, бос уақыттыңды пайдалы іске арнаған дұрыс.

 БАҒЛАН ЖҰБАТҚАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ Қазір жастарымыз ауылда арақ ішпейді десекте болады.Спортпен айналысады....

 НҰРСӘУЛЕ ӨМІРЗАҚОВА, КӘСІПКЕР

Шағын азық-түлік дүкенін ашқаныма алты ай болды. Арақ сатпаймын, жеке басым қарсымын....

 Айта кету керек, заңсыз алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдарының өкілдері ауыл тұрғындарына осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.